Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Астанада үстіне футбол қақпасы құлап кеткен ер адам көз жұмды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оқиғаның қаладағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
25 жастағы жігіт ойын кезінде қолымен қақпаның маңдайшасынан ұстап, тартылмақ болған кезде темір бағаны аударылып, оны басып қалған. Алаңда доп теуіп жүргендер көмек көрсетуге тырысқанымен, марқұм оқиға орнында жан тапсырған.
Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Мопедті қалай тіркеуге болады