Астанада жылыту маусымы аяқталды

22.04.2025 13:43

Энергетика министрлігі биылғы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өткенін айтқан 

Almaty.tv

Елордада 7 айға созылған жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес, бес күн бойы қатарынан ауа температурасы +100С жоғары болса, Астана қаласының жергілікті атқарушы органының жылыту маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады.

Астанада биылғы жылыту маусымы қыркүйек айының соңында басталды және 21 сәуірге дейін дейін жалғасты.

Энергетика министрлігі биылғы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өткенін айтқан. 

Келесі жылыту кезеңіне дайындық аясында бекітілген кестеге сәйкес 10 энергия блогы, 63 қазан және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 энергия блогында, 12 қазанда және 4 турбинада жөндеу жұмыстары басталды.

Дереккөз. ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Қар жауып, үсік жүреді: 22 сәуірде ауа райы қандай болады