Астанадан Алматыға Talgo пойызы арқылы коммерциялық жүк жеткізілді

07.04.2025 13:08

Жолаушылар пойыздары арқылы жүк тасымалдау шығындарды азайтып, жеткізу сапасын жақсартады

ҚТЖ

Астанадан Алматыға Talgo пойызы арқылы алғаш рет 1,7 тонна коммерциялық жүк жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба жүк жеткізу мерзімін қысқартуға, тасымалдау сапасын арттыруға және сән индустриясы бизнесіне сапалы логистикалық қызмет ұсынуға бағытталған. Серіктестер Қазақстанның ірі қалалары арасында тұрақты жүк тасымалын дамытуды жоспарлап отыр.

Жаңа модель 1000-нан астам дүкен мен 2500-ге жуық сауда нүктесіне тауар жеткізуді оңтайландырып, өңірлерде өнімнің қолжетімділігін арттырады. Жолаушылар пойыздары арқылы жүк тасымалдау шығындарды азайтып, жеткізу сапасын жақсартады. Ұлттық тасымалдаушы бұл модель жолаушылар қауіпсіздігіне сай екенін және бизнеске тиімді логистика құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жасалды