Қазба жұмыстары Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылының маңындағы обаларда жүргізілген
Атырау облысында Сармат дәуіріне тән тарихи жәдігер табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алтын-күміс бұйымдар мен асыл тастардан жасалған әшекейлердің бұрын-соңды қазақ даласында кездеспегені де анықталып отыр. Археологиялық олжа ерте замандарда бұл өңірді сармат тайпаларының мекен еткеніне дәлел болмақ. Әрі олардың қолөнер мен әскери машық, діни рәсімдерді кең дамытқанын айқындайды. Табылған заттар сол күйі сақталған.
Айта кетейік, қазба жұмыстары Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылының маңындағы обаларда жүргізілген. Ал облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары зерттеген қорғанның диаметрі 70, ал биіктігі 3 метрге дейін жетеді.
"Келешекте жалғаса береді, кең көлемде жұмыс жүргізе береміз. Сонымен бірге, тек археологтар емес, антрапологтар, геологтар, суретшілер мен тарихшылар және өзге мамандарды тартатын боламыз", – деді археолог Марат Қасенов.
Оқи отырыңыз: Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады