Атырау облысында көлік қағып кеткен үш жасар бала көз жұмды

23.04.2025 10:00

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Flávia Gava/unsplash.com/

Атырау облысында жантүршігерлік оқиға болды. Жол апаты салдарынан бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 21 сәуір күні сағат 17:50-де Индербор ауылында Lada Priora көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 3 жасар баланы қағып кеткен.

Сәби алған жарақатынан Индер аудандық ауруханасында көз жұмды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіне құлап кетті