Қозғалысты тезірек қалыпқа келтіру мақсатында арнайы пойыз жөнелтілді
Атырау облысы Тендік станциясындағы теміржол өткелінде жүк көлігі мен жүк пойызымен соқтығысуы салдарынан, 6 жолаушылар пойызының жүру уақыты кешіктіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, мына пойыздар кідіреді:
Атырау қаласы әкімдігі жолаушыларды уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Атырау станциясынан Қаработан станциясына дейін және кері бағытта арнайы автобустар ұйымдастырды.
«Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету шараларын қолға алып, пойыз қозғалысының жай-күйі туралы SMS-хабарламалар және вокзалдардағы ақпараттық тақталар арқылы жедел мәлімет таратуды жүзеге асыруда. Жолаушылар пойыздарының кідірісі туралы толық ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласуға болады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Тендік станциясындағы теміржол өткелінде болған оқиғаның салдарынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қозғалысты тезірек қалыпқа келтіру мақсатында арнайы пойыз жөнелтілді.
Пойыздың бір сағаттан астам кідірісі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының теміржол көлігімен жолаушыларды, жолжүктi, жүк-жолжүктi және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау қағидаларына сәйкес, жолаушыларға келесі төлемдер қарастырылған:
Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларынан жолаушының өтініші бойынша алуға болады.
Оқи отырыңыз: Атырау маңында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: оқиға орнына құтқарушылар келді