Атырау облысында жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды

Clark Van Der Beken/unsplash.com/
Clark Van Der Beken/unsplash.com/

Облыстық ПД мәліметінше, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында бірнеше жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

Өкінішке қарай, тек бір күннің өзінде болған бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды.

Атап айтқанда, 15 сәуір күні сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлік аударылып, апат салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соқтығысып, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93 шақырымында жүк көлігі мен ВАЗ-2115 маркалы автокөлік соқтығысып, соның салдарынан тағы бір адам оқиға орнында қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Елордадағы дәмханада уланғандар саны 20-ға жетті: тергеу жүріп жатыр

Новости партнеров