Атырауда ер адам қараусыз қалған ғимараттан өлі табылды

03.03.2025 14:22

Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер жеткен

Phoebe T/unsplash.com/

​Атырауда ер адам қараусыз қалған ғимараттан өлі табылды. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

1 наурызда кешке Сырым Датов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттардың бірінен үй-күйсіз ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер жеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

"Ер адам суықтан үсіп өлген болуы мүмкін, бірақ соңғы қорытындыны сот-медициналық сараптама жасайды", - деп жазылған мәліметте.

Полицейлер марқұм кім екені анықталғанын, оның 1987 жылы туған ер адам екенін хабарлады. Денеден жарақаттар табылмаған.

Оқи отырыңыз: Теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз басып кетті