Атырауда қаңтар басталғалы 7 көлік өртеніп кеткен

31.01.2025 08:02

Былтыр 89 көлік өртенгені тіркелген

Dominik Sostmann/unsplash.com/

Атырау облысында қаңтар айы басталғалы 7 көлікті жалын шарпыды. Оның 3-еуі соңғы аптада өртенген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткендей, былтыр 89 көлік өртенгені тіркелген. 

"Автокөліктердегі өрт тез өршиді. Бұл жүргізушілер мен жолаушыларға үлкен қауіп төндіреді. Өрттің алдын алу үшін көлікті дер кезінде техникалық байқаудан өткізу қажет. Көліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалап, әсіресе электр сымдарына назар аударған жөн. Өрт сөндіру құралы мен құм қолжетімді тұста болуы керек. Суық мезгілде автокөлікте орнатылған және қозғалтқышты жылыту үшін пайдаланатын электр жылытқыштары қауіпті екенін ескертеміз, деп мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан",- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу неге ұзаққа созылды