Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Атырауда мемлекеттік рәмізді қорлағандар жауапқа тартылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде қара жамылған 4 азаматтың көк байрағымызға өзгеше жазба теліп, дизайнын өзгерткен суреті тараған. Әлдекім оны әлеуметтік желіге жариялауға да еш қымсынбапты. Бүгін жергілікті Полиция департаменті деректі растады. Қазір ерсі әрекетке барғандар тергеліп жатыр. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған.
«Әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: Қарқаралының тұрғындары ауыз суға зәру