Атырауда заңсыз вейп сатқан 19 жастағы тұрғын ұсталды

17.12.2024 15:43

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Атырауда 40 миллион теңгенің вейпі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол вейптерді сақтап, сатқан. Тергеу барысында күдіктінің тыйым салынған құрылғыларды курьерлер арқылы жіберіп отырғаны анықталды. Тінту кезінде қаладағы дүкендердің бірінде шамамен 3 мың дана вейп сақталған қойма табылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тыйым салынған өнімді саудалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 700 келіге жуық есірткі тәркіленген