Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман
Атырауда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты. Оқиға қала маңындағы Теңдік стансасында болған. Қазір зардап шеккен үш адам дәрігерлердің бақылауында, олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 12 вагон рельстен шығып кеткен. Салдарынан 3 машинист зардап шегіп, ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Ал жүк көлігінің жүргізушісі дін аман.
Айта кетейік, жол қатынасы мен рельстерді қалпына келтіруге Қазақстан теміржолынан 80 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды.
"1 наурыз 10:30 шамасында КамАЗ және темір жол көлігі соқтығысу нәтижесінде 3 азамат жарақат алған. Кезекші хирург, нейрохирург, травматолог дәрігермен қаралып, науқас травматология бөлімшесіне жатқызылды. Науқастың жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Бөлімшеде емін алып жатыр", – деді травматолог-ортопед Бауыржан Айтжанов.
Оқи отырыңыз: Атырау маңында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: оқиға орнына құтқарушылар келді