Ауылдардағы мектептердің 70 пайызы жөнделді

Мектептердің 95,2 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде білім беру жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы 3 жылда төрт мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылып, екі мыңнан астам білім беру ұйымында заманауи пәндік кабинеттер ашылған. Оқулықтар электрондық форматқа көшіріліп, мектептердің 95,2 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Сондай-ақ білім ошақтарының құрылысы да қарқын ала бастаған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жыл сайын мыңға жуық ауыл мектебі жөндеуден өткізіледі.

 «Мұндай бастамалар білім беру процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Қолға алған барлық бағыттар, ауыл мектептерін қолдауға бағытталған. Жөндеуден өткен білім ошақтары мен заманауи жабықталған кабинеттердің 70 пайыздан астамы ауылдарда орналасқан», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті басқармасының басшысы Тимур Қастуғанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда курьерлерге тренинг өтті

 

 

Новости партнеров