Министрдің мәліметінше, бүгінде ел аумағында 655 елдімекенде медициналық мекеменің құрылысы жүріп жатыр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдағы медициналық көмектің бүгінгі ахуалымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
" Проблемалар жоқ емес, бар. Шын мәнінде ауылдық жерлердегі тозығы жеткен инфрақұрылымға байланысты өткен жылы маусымда Үкімет қаулысымен тиісті тұжырымдама қабылданды. Соның ішінде 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен инфрақұрылымды жаңарту қарастырылған", - деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте МӘМС жүйесі туралы заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің мәліметінше, бүгінде ел аумағында 655 елдімекенде медициналық мекеменің құрылысы жүріп жатыр.
Оның ішінде 464 мекеме іске қосылды, биыл 180-нен астамын тағы іске қосамыз. Одан бөлек, өткен жылы кадр мәселесіне қатысты заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, ауылға баратын тапшы медицина мамандарына көрсетілетін көмектің деңгейі 8,5 млн теңгеге дейін көтерілді", - дейді ведомство басшысы.
Оқи отырыңыз: Таза аула: экологиялық акцияның үшінші аптасы аяқталды