Ажырасу да қымбат: депутат некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыруды ұсынды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдайтын болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін көбейту ұсынылған.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл өзгеріс азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдауға итермелейді.

"Жоғары баж салықтарын енгізу – сәттік сезімдермен ажырасуға шешім қабылдайтын азаматтар үшін тежеу факторы болады. Бұл әсіресе жастар арасында орынсыз ажырасулардың азаюына ықпал етуі мүмкін", – деді Бейсенғалиев.

Депутаттың сөзінше, бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Оқи отырыңыз: Жеңіс-80: елордада өтетін әскери шеруге дайындық қалай

Новости партнеров