Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдайтын болады
Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін көбейту ұсынылған.
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл өзгеріс азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдауға итермелейді.
"Жоғары баж салықтарын енгізу – сәттік сезімдермен ажырасуға шешім қабылдайтын азаматтар үшін тежеу факторы болады. Бұл әсіресе жастар арасында орынсыз ажырасулардың азаюына ықпал етуі мүмкін", – деді Бейсенғалиев.
Депутаттың сөзінше, бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Дереккөз: Ulysmedia.kz
Оқи отырыңыз: Жеңіс-80: елордада өтетін әскери шеруге дайындық қалай