Баян Алагөзова күйеу баласының өмірден өткенін хабарлады

06.02.2025 19:02

Адилжан Юсупов Бағым Мұхитденованың күйеуі болған

Фото: instagram.com/bagym_m

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеу баласының дүниеден өткенін хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Марқұм Адилжан Юсупов Баян Алагөзованың әпкесі Бағым Мұхитденованың күйеуі болған.

"Бүгін Адикпен қоштастық. Сен жақсы дос, адал жар, тамаша әке болдың. Біз сені жақсы көреміз, еш ұмытпаймыз. Иманды бол", - деп жазды продюсер.

Адилжан Юсупов Бағым Мұхитденованың продюсері болды. Ерлі-зайыптылар 2001 жылы отбасын құрған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда сотты болған "жұлдыздар" тізімінде кімдер бар