"Баянауыл" ұлттық табиғи паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

05.04.2025 10:21

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Joanne Francis / Unsplash

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел ақпаратқа сәйкес, өрт 36–41-кварталдарда Жасыбай орманшылығында болған.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі нақтылануда.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы – 20 га, оның ішінде орманмен жапқан жердің аумағы 10 га (нақтыланып жатыр).

Өртті сөндіруге қатысқандар:

• ЭТРМ(орман күзеті) – 65 адам, 19 техника бірлігі;
 • ТЖҚ – 39 адам, 11 техника бірлігі;
 • ЖАО – 95 адам, 27 техника бірлігі;
 • ДП – 20 адам, 5 техника бірлігі.

5 сәуірде сағат 09:05 жағдай бойынша өрт толықтай сөндірілді.

«Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Қосымша ақпарат жағдайдың өрбуіне қарай беріледі», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Семей орманы» резерватындағы орман өрті оқшауланды