Биыл Байқоңыр ғарыш айлағы мен жұлдызды қалашықтың құрылғанына 70 жыл толады
Биыл Байқоңыр қаласында зымырандар музейі ашылмақ. Ашық аспан астында орналасатын мұражайға ғарыш айлағынан көкке көтерілген зымырандардың үлгілері қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл Байқоңыр ғарыш айлағы мен жұлдызды қалашықтың құрылғанына 70 жыл толады. Осыған орай бірқатар нысан жаңғыртылып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар. Мерейтой қарсаңында қалаға және ғарыш айлағына электронды рұқсаттамаларды рәсімдеу процесі жеңілдетіліп, рұқсат алу мерзімі де қысқарып отыр. Сонымен қатар туристік объектілер негізінде жаңа маршруттар әзірленіп, Байқоңырдың бірегей ғарыш мұрасын кеңінен таныстыратын кешенді жоба қолға алынды.
Айта кетейік, бүгінде Байқоңыр қаласында 60 мыңдай халық тұрады. Оның 71 пайызы Қазақстан азаматы.
"Қаламыздың орталық алаңы Ресей тарапымен қайта жаңғыртылып жатыр. Үлкен стадионымыз бар, ол да жөнделеді. Сосын осы қаланың 70 жылдығына орай бүкіл ғарыш айлақтан қандай зымырандар ұшты солардың макеттерін қойып, орталық алаңда жақсы бір ашық алаңдағы музей ашу жоспарда бар. Қазір бірінші капсуласы салынды", – деді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.
Оқи отырыңыз: Алматыда жол сапасына қатысты оқыту семинары өтті