Бала қауіпсіздігі: ата-аналар неден сақтануы тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр 63 бала терезеден құлаған. Бұл – ел бойынша тіркелген дерек. Ал күн жылып, белсенділік артқан тұста балалар қауіпсіздігіне баса мән береміз бе? Қауіп көбейіп, қатер төнбеуі үшін ата-аналарға мамандардың айтары бар.

«Алматы» телеарнасының студия қонағы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты аудандық басқарма бастығының орынбасары Сағадат Әнеспен тілдестік.

– Сағадат мырза, терезе мен балконyан балалар құламау үшін қандай қауіпсіздік талаптары қойылады және олардың орындалуын кім қадағалайды?

«Балалардың терезеден құлау фактілерін алдын алу мақсатында ҚР құрылыс нормаларының талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілуде. Аталған өзгерістер ғимараттарын салу кезінде арнайы қондырғыларды, яғни бұғаттауыш қондырғыларын орнатуды талап етеді. Аталған қондырғылар балалардың терезелерден құлауының алдын алуға бағытталған. Аталған шараларды қадағалау жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік сәулет қала құрылысы басқармасына жүктеледі. Одан бөлек құрылысшы салу яғни бақылау, қадағалау органдарына да жүргізілетін болады».

– Жазда балалар арасында жиі кездесетін жазатайым оқиғалар жайында айта кетіңізші. Ата-аналар неден сақтануы тиіс?

«Жаз мезгілінде балаларды түрлі төтенше жағдайлардан жазатайым оқиғалар орын алып жатады. Олар өрт, суға бату немесе терезеден құлау фактілері де жиі кездеседі. Статистикаға жүгінетін болсақ, биыл терезеден құлау фактілері бойынша 11 оқиға тіркелді, оның үшеуі жазатайым оқиғамен ұласты. Сондай-ақ өткен жылы 4 суға бату дерегі тіркеліп, 1 бала суға батып кетті.

Осы орайды пайдаланып, тұрғындарға және ата-аналарға балаларды қарауынсыз қалдырмау және оларға демалыс кезінде барынша қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Терезелерді арнайы құлыптармен бекітіп, балалардың қауіпсіздігін арттыруды талап етеміз. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында терезе жақтауларына жақын жерде жиһаздарды, орындықтарды немесе үстелдерді қоймауды, терезелерді ашық қалдырмауды сұраймыз».

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

Новости партнеров