Балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырған: қылмыстық іс қозғалды

14.02.2025 15:29

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген

primeminister.kz

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", деп хабарлады полициядан.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді