Балалардың көз ауруларына жиі шалдығуына не себеп

14.04.2025 21:59

Еліміздегі оқушылардың 70-80 пайызының көзі дұрыс көрмейді. Қазақстан офтальмологтары осылай деп дабыл қағып отыр. Әсіресе миопия, яғни алыстан көрмеушілік жылдан-жылға артып келеді. Соңғы жылдары балалар арасында көз ауруларының көбеюіне не себеп? Алдын алу үшін не істеу керек? Бұл сауалдарымызға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының офтальмологы Рақымжан Кебіров жауап береді.