Балалардың құқығын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда
Былтыр және биыл алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасы 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысын бастады. Оның 7 борышкеріне қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.
Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.
«Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгедей өтелді. Балалардың құқығын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда», - делінген прокуратура хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды