Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған
Масаң күйде кәмелетке толмаған баланы қатыгездікпен өлтіріп, кейін оның анасын да соққыға жыққан Қостанай қаласының тұрғыны сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ер адам кем дегенде 15 жылға қамалуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған.
Еске салайық, жантүршігерлік жайт қаңтарда тіркелген. Оқиға бір бөлмелі пәтердің ішінде болыпты. Жасөспірім анасын қорғамақ болғанда бақилыққа аттанған.
«Күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2- бөлігі 3,5,14, тармақтары,108-1 бабы 1-тармағы бойынша сараланды. Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», – деді Қостанай облысы прокуратурасының аға прокуроры Дулат Едіріс.
Оқи отырыңыз: Заңсыз тексергені үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тарттылды