Балық шаруашылығы комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

05.03.2025 19:18

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

ҚР АШМ

Сермагамбетов Серік Сағитжанұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Сағитжанұлы 1965 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. "Экономист" (Алматы халық шаруашылығы институты) және "заңгер" (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті) мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, әкім аппаратының аға инспекторы, Қызылорда облысы аппаратының басшысы, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Жалағаш және Арал ауданының әкімі, "Байқоңыр" ӘКК АҚ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды