Барымта: Алматы облысында үш қылмыстық топ ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 10 адам анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында бір ай ішінде мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топ ұсталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 10 адам анықталып, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасаған 20 қылмысы да дәлелденді. Барымташылар 460 бас мал ұрлаған. Абырой болғанда, полиция күдіктілер сатып үлгермеген ірі қараларды иелеріне қайтарды. Одан бөлек, құзырлы орган Ұзынағаш ауылы тұрғынының қорасынан бес жылқыны айдап алып кеткен 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Келтірілген шығын 5 миллион теңге. Сонымен қатар, Кеген ауданының 35 жастағы тұрғыны да жылқы ұрлығын кәсіпке айналдырған. Ол тоғыз бас малды ұрлап, сатып жіберген. Жалпы шығын 4 миллион теңгеден асады.

Оқи отырыңыз: Өскеменде әйел адам босанып, сәбиін қоқыс контейнеріне лақтырып жіберген

Новости партнеров