Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

21.04.2025 16:24

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде

ҚазАқпарат

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болды. Шамамен сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысты. 

"Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады", - деп хабарлады ведомстводан. 

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары. 

Оқи отырыңыз:  Ақтөбеде психотропты дәрілік заттарды заңсыз сатқандар ұсталды