Жамбыл облысында VI-VII ғасырдың тоғызқұмалақ тақтасы табылды
Жамбыл облысындағы Қызылтаң елдімекені маңынан ерте түркі дәуіріне тән, яғни VI-VII ғасырдың тоғызқұмалақ тақтасы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тарихи-мәдени ескерткіштің ерекшелігі – жайпақ тасқа ойылып салынуында. Жәдігердің ұзындығы 2,8 метр болса, ені 1,4 метр. Бүгінде көне тас мемлекет қорғауына алынған. Археологтардың айтуынша осыған ұқсас ойын тасы бұған дейін Қаратау жотасынан табылған. Сондықтан ғалымдар «Тоғызқұмалақ – Батыс Түрік қағанатының құрамына кірген барлық халықтың сүйікті ойыны болған» деген шешімге келіп отыр.
"Қаратау тау жотасына тән Сарысу ауданы, Қаратаудан болсын, одан кейінгі Мойынқұм мен Шу аудандарындағы Хантаудың ішінен де дәл осы сияқты ойындардың кездесетіндігіне сенеміз. Зерделеу зерттеу мәселесі жағынан алдағы уақытта түрік ғалымдарымен байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз", – деді тарихшы-археолог Сауран Қалиев.
Оқи отырыңыз: Шексіз мүмкіндік: тараздық зағип жан 1800-ге жуық кітап басып шығарды