Беташар жас келінге жаңа ортасын, күйеуінің ағайын-туысын таныстыру мақсатында өтеді
Парагвай астанасында Беташар салты ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді", - деп жазды Қарин.
Осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі