Жеті бала ауруханаға жатқызылды
Оқиға кезінде «Мерседес» шағын автобусында 16 бала мен жаттықтырушы болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ерейментау аудандық ауруханасының мәліметінше, зардап шеккендер жедел жәрдемге 18 сәуір күні сағат 21:50-де түскен.
– Жеті кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі жансақтау бөлімінде, оған аймақтық нейрохирург кеңес беріп, симптоматикалық емдеуді ұсынды, – деп хабарлады медициналық мекемеде.
Хирургия бөлімінде жеңіл және орташа жарақат алған алты бала емделіп жатқаны белгілі болды. Оқыс оқиғадан зардап шекпеген команданың тоғыз мүшесі уақытша аурухананың бөлімшесіне жатқызылған, ата-аналарын күтуде.
– Барлық қажетті медициналық және ұйымдастыру шаралары қабылданды, – деп хабарлады ауруханада.
Ауруханада жатқан команда мүшелерінің жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Еске салайық, павлодарлық балалар футбол командасының мүшелері мінген шағын автобус жол апатына ұшыраған болатын. Оқыс оқиға салдарынан 1990 жылы туған жаттықтырушы көз жұмған.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында балалар отырған автобус аударылып, жаттықтырушы қаза тапты