Елімізде тапсыру мерзімі кешіктіріліп, тұралап қалған 156 нысанның бар
Алматыда «Біріңғай терезе» порталы арқылы жүргізілген бақылау барысында 9,8 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылған. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыс пен республикалық маңызы бар қалалар үшін жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірлеу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл аталған жоба аясында 4 мониторинг жүргізіліп, 5 сыртқы талдау өткен. Нәтижесінде 82 ұсыным енгізілді. Мамандардың айтуынша, шаһардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген қаржы да бақылауда.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Оң нәтижелердің бірі –"IOS" және "Android" операциялық жүйесінде жұмыс істейтін "Mass Alert" жаппай ескерту жүйесін енгізу", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов.
Құрылыс саласында да қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде тапсыру мерзімі кешіктіріліп, тұралап қалған 156 нысанның бар. Алматыдағы бес нысанның бүгінде 3 нысан толық аяқталып, қолданысқа берілген. Атап айтқанда, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2 шағынауданындағы су стансасы мен 120 балаға арналған балабақша құрылысы. Сондай-ақ Қарасу шағынаудандағы кәріз жүйесі аяқталған. Ал тау бөктеріндегі құрылысқа мониторинг жүргізіліп, 60 ғимараттың нормативтік талаптарды бұзғаны анықталған. Аталған фактілер негізінде сотқа 55 талап-арыз жолданды. Биыл мегополисте сыбайлас-жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыс саны айтарлықтай азайған.
"Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында 533 іс-шара ұйымдастырылып, оған 270 мыңнан астам адам қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына айрықша назар аударылды. Оған қала бойынша 256 ерікті қосылды. Соның нәтижесінде 2,4 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алды алынды", – деді Жарқын Ғалымов.
Оқи отырыңыз: Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты