Биыл елімізде 188 медицина нысаны салынады

27.03.2025 21:59

Елімізде жыл соңына дейін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 188 медицина нысаны салынады. Ал келесі жылы 32 аудандық орталық аурухана жаңғыртылуы тиіс. Ұлттық Құрылтайда осылай деген Мемлекет басшысы жұмысты мерзімінен кешіктірмеуді тапсырған. Алматыда бұл шаруа қалай жүзеге асып жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы №25 қалалық емхананың басшысы, қалалық мәслихатының депутаты  Әкім Тұрсұн жауап береді.