Биыл Қызылордада 39 адамды кене шаққан

10.04.2025 18:16

Мамандардың айтуынша, күн райының жылынуы кенеден келетін қауіпті күшейтеді

Биыл Қызылордада 39 адамды кене шаққан. Бүгінде аймақта жәндікке қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктемгі дезинсекциялық іс-шараға креолин-х5 препараты қолданылады. Мамандардың айтуынша, күн райының жылынуы кенеден келетін қауіпті күшейтеді. Сондықтан эпидемиологтар мал және егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарға сақ болуды ескертеді. Ал жәндік шаққан азаматтар белгілі уақытқа дейін бақылауда болады. Соңғы рет «Бәйтерек» шағынауданында тұратын ер адам зиянкестерден зардап шегіп, ем қабылдаған. Дәрігерлер «дер кезінде көмекке жүгіну арқылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан айығуға болады» дейді.

 «Ол кісі есепте бар. Ол кісінің бірінші алған результаттары ИФТ, ПТР теріс нәтиже берді. Бірақ екінші рет талдау нәтижесі алынады. Соған байланысты әрі қарай ем жүргізіледі», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықова.   

Оқи отырыңыз: СҚО-да 14 жастағы баланың денесі табылды