БҚО-да 34 киік мүйізінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

polisia.kz
polisia.kz

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында браконьерлік дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 наурыз күні Жәнібек ауданында болды.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК БҚО филиалының инспекторлары Жәнібек ауданы полиция бөлімімен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізді. 

 «Соның нәтижесінде «Хантай» қыстауында орналасқан қорадан 34 киік мүйізі табылып, тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Биыл елімізде 188 медицина нысаны салынады

 

 

Новости партнеров