БҚО-да заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық азаматқа айыппұл салынды

17.04.2025 08:41

Сотта құқық бұзушылар өз кінәсын мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Сырым аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес Өзбекстанның 10 азаматына қатысты 10 іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өзбекстандық азаматтардың 2025 жылдың наурыз айында Бұлдырты ауылдық округінде құрылыста заңсыз, тиісті рұқсат алмастан жұмыс істегені анықталды. 

Сотта құқық бұзушылар өз кінәсын мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.

"Сот қаулыларымен аталған он азамат кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулылар занды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады ведомстводан. 

Оқи отырыңыз: Антиконтрафакт: кәсіпкер тауар белгісін қалай қорғай алады