Бұралқы иттер талаған 5 жастағы қыз жансақтау бөлімінен шықты

Биыл өңірде 120 адамды ит қапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстанда бұралқы иттер талаған 5 жастағы қыз жансақтау бөлімінен шықты. Ақ халаттылардың сөзінше, бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаңғыған иттер талап кеткен қыздың анасы Әлия Марленова баласының денсаулығына алаңдаулы. Келіншектің сөзінше, бәрі аяқасты болған. Ойын баласы алаңқайға шығып кеткеннен кейін бірер минуттан соң, көршілері жағымсыз жайттың болғанын хабарлапты. Оқыс оқиға Ақсай қаласында болған.

"Барсам, қызым қан-қан боп жатыр. Екі ит талап тастаған. Жедел жәрдем, полиция қызметкерлерін шақырдым", – деді зардап шеккен қыздың анасы Әлия Марленова

Дәрігерлердің сөзінше, қыз бала ауруханаға түрлі дене және бас жарақатымен жеткізілген. Бүлдіршін алдымен жансақтау бөліміне жатқызылып, ақ халаттылар алғашқы хирургиялық көмек көрсеткен.

Хирургиялық ота жасалды, жараларын тігіп, қалпына келтірдік. Баланың жағдайы қалыпты", – деді Бөрлі аудандық ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бақытбек Қаджанов.

Айта кетейік, қаңғыбас иттердің мәселесі – қаланың көп ауданында өзекті. Ал олардан зардап шегетіндердің дені – балалар. Биыл өңірде 120 адамды ит қапқан.

Гүлмарал Изатқызы, Ринат Шарипов

Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды оқиға: полицейлер төбелестің қалай басталғанын бейнежазбадан көрсетті

 

 

 

 

 

Новости партнеров