Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні

07.04.2025 10:30

Қоғамдық денсаулық жағдайы - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі

Hush Naidoo Jade Photography/unsplash.com/

Дәл бүгін 1948 жылы ДДҰ Жарғысы күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әлем бойынша денсаулық сақтаудың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ, өз денсаулығына ғана емес, айналасындағыларға да қамқорлық жасау керектігін ойлауы үшін өткізіледі. Ал Денсаулық сақтау ұйымдары бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсарту үшін не істеу керек деген мәселені шешуге арналған.

Қоғамдық денсаулық - бұл өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоршаған орта мен халықтың өмір сүру салтының түрлі факторларының әсеріне негізделген елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік әлеуеті.

Қызметтің сипаты бойынша қоғамдық денсаулық - бұл сауығатын әсерді, сондай-ақ әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың халықтың және оның топтарының денсаулығына қолайсыз әсерін зерттеу және қоғамдық денсаулық деңгейін арттыру және сақтау мүддесінде адамдардың денсаулығына зиянды әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерін жою және алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

Қоғамдық денсаулық жағдайы - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі. Адам әлеуетінің физикалық және психикалық денсаулығы елдің жоғары экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының көзі болады.

Дегенмен, халықаралық ұйымның беделі коронавирустан соң күрт түсіп кетті.

Әсіресе Дональд Трамп инаугурациядан кейін АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлықта АҚШ-тың ұйымнан шығуының себептері ретінде ұйымның "COVID-19 пандемиясына және денсаулық сақтаудың басқа да жаһандық дағдарыстарына қатысты дұрыс әрекет етпеуі, шұғыл қажет реформаларды жүзеге асыру қолынан келмегендігі және ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің заңсыз саяси ықпалынан тәуелсіздігін көрсете алмағандығы" келтірілген.

"Бұл маңызды мәселе", - деді Трамп көмекшісіне жарлыққа қол қойған сәтінде. Ол АҚШ ұйымға басқа елдермен салыстырғанда тым көп ақша төлейді деп санайтынын жасырмады.

Оқи отырыңыз: Жарма ауданында карантин жарияланды