Бүгінгі театр өнері қалай дамып жатыр - мәдени іс-шара өтті

Алматыда отандық театр өнерінің өзекті мәселелері талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда отандық театр өнерінің өзекті мәселелері талқыланған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі аймақтық театрлардың хал-күйі және даму үдерісі» атты отырыста еліміздегі өңірлік өнер ордаларының қазіргі ахуалы сараланып, болашағына қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Қазақ театрының 100 жылдығы қарсаңында өткен жиында мәдениет саласындағы өткір түйткілдер сөз болды. Іс-шараға өнертанушы ғалымдар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшелері қатысты.

 «Бүгінгі театр өнері қалай дамып жатыр, әлемдік театр процессіне біз ілесіп жатырмыз ба, ілесе алмай жатырмыз ба? Сондай-ақ репертуар мәселесі қозғалады. Театр өнерін алға ілгері дамыту үшін қандай ұсыныстар айта аламыз?  Дөңгелек үстелде осы мәселер қарастырылады деп сенеміз», – деді театртанушы, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әзербайжандық телеарна ашылуы мүмкін

Новости партнеров