Түркістан облысы жұмыс істемейтін жандарға ақша аударған мектеп бухгалтерлерінің ұрлығы әшкереленді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактісі анықталды. Тергеу нәтижесінде аудандық білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлерінің 550 миллион теңге шамасында бюджет қаражатын ұрлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар мектептерде жұмыс істемеген адамдардың атына жалақы аударып, қаражатты өзара бөлісіп отырған. Бұл оқиғадан кейін мемлекет бюджет қаржысын қорғау мақсатында бірқатар жаңа жүйе енгізуді қолға алған.
Еліміз бойынша «бұлтты бухгалтерия» деп аталатын бірыңғай есеп жүйесі қолданылады. Ол арқылы барлық төлем автоматты түрде тексерілмек. Осылайша, заңсыз төлемдердің алдын алу көзделіп отыр.
«Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазамен сотталды. Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторында, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров.
Оқи отырыңыз: Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаю кепілі