Жергілікті бюджет есебінен 2600-ден аса маман оқытылды
Медицина саласындағы кадрлық әлеуетті арттыруға аса мән беру керек. Бұл тұжырым Алматы төрінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен өткізілген жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Былтыр жергілікті бюджет есебінен 2600-ден аса маман оқытылып, 160-тан аса дәрігер біліктілігін шетелде шыңдап келген. Биыл да оңды іс жалғасын таппақ. Басқосуда сала инфрақұрылымын жақсартуға жағдай жасау қажет екенін сөз болды. Жоспарға сай, 5 жыл ішінде 32 жаңа ғимарат бой көтеріп, жұмыс істеп тұрған 14 нысан жаңғыртылады.
Еске салайық, автокөлік паркін жаңарту жұмысы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен 2023 жылы 55, былтыр 48 жаңа көлік сатып алынған.
"Инновациялық енгізулер туралы есеп бердік. 2025 жылы жүйелі жұмыс өткізіледі. Мақсат – медицина кадрларының кәсіби деңгейін арттыру және науқастардың өмір сапасын жақсарту", – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсия Ақанова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа перзентхана мен жедел жәрдемнің қосалқы станциясы салынады