Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді
Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді.
Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды, сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді:
Жергілікті атқарушы органдарға 782 заңбұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.
ІІМ азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға белсене қатысуға шақырады.
Оқи отырыңыз: Өңірлерде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр