Былтыр ҚХА 13 арнайы қоғамдық жобаны жүзеге асырды

28.02.2025 17:49

ҚХА мыңнан астам этномәдени бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан

Былтыр ҚХА 13 арнайы қоғамдық жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚХА-ның 10 қоғамдық құрылымы белсенді жұмыс атқаруда. Олардың қатарында Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, Журналистер клубы, Ғылыми сарапшылар кеңесі, «Жомарт жан» орталықтары, Этномедиация кеңесі, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, Студенттік ҚХА, Жас ғалымдар клубы бар. 

ҚХА мыңнан астам этномәдени бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан.

Еліміз бойынша 35 Достық үйі мыңнан астам этномәдени бірлестік үшін заманауи комьюнити-орталықтар ретінде қызмет етеді. 2024 жылы бұл орталықтарда 2 757 іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 300 мың адам қатысты.

2024 жылы ҚХА құрылымдарының қатысуымен 15 000-нан астам әлеуметтік маңызы бар іс-шара өтті, 700 мың адам қатысты.

Елдегі төрт университеттің журналистика факультетінде «Этносаяси сауаттылық» атты арнайы курс енгізілді.

Этносаралық қатынастар саласындағы маңызды бағыттардың бірі – қақтығыстардың алдын алудың тиімді тетігі ретінде этномедиацияны дамыту. 2024 жылы 233 кәсіби этномедиатор республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейде даярлықтан өтті. Сондай-ақ 30 семинар мен тренинг өткізіліп, 1 207 адам оқытылды.

Оқи отырыңыз: Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар қандай