Cosmart дүкендер желісі тұтынушыларына Мальдив аралдарына 5 жолдама сыйлады

Дүкен 15 жылдық мерейтойына орай ауқымды акция ұйымдастырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Cosmart дүкендер желісі өз мерейтойына орай тұтынушыларға арнап Мальдив аралдарына бес жолдама тарту етті. Байқау 2 ірі мегаполис бойынша өткізілген. Жеңімпаздардың көбі алматылықтар екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Алғашқы Cosmart дүкені Алматыда 2009 жылы ашылған. Сол уақыттан бері тұтынушыларын үздіксіз қуантып келеді. Бүгінде мегаполистің ең ірі дүкендер желісінің біріне айналып отыр. Мұнда бет күтімі мен сұлулыққа арналған 760-тан астам танымал брендтің 18 мыңға жуық өнімі ұсынылған.

"Cosmart –т сұлулық пен бет күтіміне арналған өнімдер ұсынатын дүкендер желісі. Біз өз тұтынушыларымызды, әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы сатып алушыларымызды сапалы тауарлармен қуантудан жалықпаймыз. Бізде ерлерге, балаларға және әйелдерге арналған өнімдердің түр-түрі бар. Дегенмен сұлулық пен күтімге арналған тауарлар дүкені болғандықтан, өнімдеріміздің басым бөлігі нәзік жандарға арналған", - деді "Cosmart" дүкендер желісінің директоры Рамиль Дыйкамбаев.

Дүкен 15 жылдық мерейтойына орай қараша айынан бастап желтоқсанға дейін ауқымды акция ұйымдастырған. Осылайша, апта сайын бағалы сыйлықтар, смартфондар мен смарт сағаттар және құлаққаптар ұтысқа салынды. Оған қатысу үшін Cosmart дүкендер желісінде 6 мың теңгеге кез келген өнім сатып алу қажет болған. Сонымен қатар Max Factor, Vivienne Sabo, Larun, Concept Moscow және Parisa брендтерінің демеушілігімен сатып алушылар арасында Мальдив аралдарына бес жолдама ойнатылды.

"Мұндай ұтыстарға бірінші рет қатысып тұрмын. Жүлделі болып тұрмын. Өте қуаныштымын. Басында көп уақытқа дейін сенген жоқпын. Содан соң сайттан кіріп, ұтыс ойынының видеосын көріп, рас екеніне көзім жетті, тек содан соң ғана алдымен жолдасыма айттым", - деді ұтыс ойынының жеңімпазы Диана Сайлаубекқызы.

Жалпы ел аумағында Cosmart-тың 32 дүкені бар, оның 5-еуі Астанада, ал 27-сі Алматыда орналасқан. Барлығында танымал брендтердің боянуға арналған өнімдері ұсынылған. Компания басшылығының айтуынша, тұтынушыларға жайлылық пен сұлулық сыйлау - басты мақсат.

Олжас Омарбек, Әмина Усенова, Рашиддин Якупов, AlmatyTV

Оқи отырыңыз: Астанада пәтер жалдау құны неге қымбаттап кетті - сарапшы жауабы

Новости партнеров