Жаға ұстатарлық жайт Хромтау қаласында болған
Ақтөбеде танысын айуандықпен өлтірген қос азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаға ұстатарлық жайт Хромтау қаласында болған. Сол күні айыпталушылар пышақтап өлтірген адаммен бірге спирттік ішімдік ішіп, танысына қол жұмсаған. Кейін денесін бөлшектеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырып кеткен. Ал марқұмның басын тоңазытқышта сақтап қойған. Басты айыпталушыға сот 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол осы уақытқа дейін 3 мәрте істі болған екен. Ал екінші азамат қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға сотталды.
"Сот шешімі алқабилердің қатысуымен тағайындалды. Сот отырысының прокуроры аталған баптар бойынша көрсетілген мерзімдерді белгілеуді сұрады", - деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Тайырова.
Оқи отырыңыз: Ішімдіксіз ауыл: Түркістанда тағы бір ауыл алкоголь сатудан бас тартты