Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтеді
Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының халық артисі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» болып танылды», - делінген хабарламада.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында қандай өзгерістер болып жатыр