Димаш Құдайберген жақын күндері Алматыға келетінін айтты

16.04.2025 21:57

Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады

Instagram/kudaibergenov.dimash

Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", деп жазды ол желіде.

Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жол апатынан бір күнде 5 адам қаза тапқан