Директор бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге салған

20.02.2025 14:04

Іс сотқа жіберілді

Almaty.tv

Ақтөбе облыс прокуратурасы екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры спорт алаңдары және залдарын жалға беру қызметінен бюджетке түсуі тиіс қаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олармен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салынған.

Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді.

Биыл 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды

Оқи отырыңыз: Оқушылар тәттіден уланды: 9 бала ауруханада жатыр