Докторантура шәкіртақысы 500 мың теңге бола ма - министр жауабы

27.11.2024 21:27

Шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады

Аlmaty.tv

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2028-2029 оқу жылына дейін стипендия 100 пайыз өсетінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы министр Мәжіліс кулуарында айтты.

"Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл - алдағы бесжылдыққа арналған жоспар", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Алматыда студенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті