Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет қанша тұрады

Фото: Scanpix / Reuters
Фото: Scanpix / Reuters

Әрбір сатып алушы бір банктік картадан төрт билеттен артық сатып ала алмайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 1 тамызында «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Ол толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Билеттерді қалай және қашан сатып алуға болатынын «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.   

Әрбір сатып алушы бір банктік картадан төрт билеттен артық сатып ала алмайды. Бұл сол билеттерді баламалы алаңдарда 2-3 есе қымбатқа сатылмас үшін жасалады.

«Билеттер тек «Freedom Ticketon» билет операторы арқылы ғана сатылады. Сатылым 11 сәуірде сағат 11-де басталады. Билет сатып алғысы келетінде көп болады деп ойлаймыз. Билеттерді қайта сату мен алаяқтықтың алдын алу үшін әлемдік тәжірибеге негізделген жүйе қолданылады.

Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билеттің орташа құны шамамен 80 мың теңге тұрады», – деді спикер.

Оның айтуынша, билетті сатып алғаннан кейін сатып алушы алдымен толық билет емес, ваучер алады. Бұл билет брондалған болып саналады. Концертке кіруге мүмкіндік беретін бірегей QR код сатып алушыға іс-шараға дейін үш күн қалғанда жіберіледі. 

«Бұл әлемдік деңгейдегі концерт болғандықтан, өте маңызды келісімшарт пен қауіпсіздік бойынша райдер бар. Мемлекеттік органдардан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белсенді атсалысуын сұрадық. Жақын арада құқық қорғау органдарының қатысуымен үлкен кеңес өтеді және бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданады», – деп түйіндеді Мәлік Хасенов.

Оқи отырыңыз: "Қазақ жігіттері қарамады": Африка азаматына тұрмысқа шыққан қыз жан сырын ақтарды

Новости партнеров