Екі ел басшылара Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21.04.2025 17:48

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. 

Оқи отырыңыз: Түрікменстанның көшбасшысы Қазақстанға келді